Хакасиядағы өрттен 5 адам қаза тапты

0
138
Ресейдің Хакасия Республикасындағы алапат өрттен 5 адам қаза тапты. Тілсіз жау 20 елдімекенді шарпып үлгерген. Бұл туралы аймақтағы ақпарат құралдары жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, хабарлауда. Тағы 100-ден астам адам жарақат алған. Аталған аймақта төтенше жағдай енгізілді. Өртке нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, от шөптен шыққан. Жоғары температура мен жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен күшті желдің салдарынан өрт тез арада таралған. Тілсіз жаумен күресуге мыңнан астам адам мен 200-ден аса техника тартылды. Сонымен қатар ресейлік Төтенше жағдай министрлігінің 8 авиация көлігі жұмылдырылған.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58746-tapty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз