Теміржол саласында V ғасырға жуық табанды еңбек еткен әулет ОҚО-да тұрады

0
448
2
Теміржол саласында V ғасырға жуық табанды еңбек еткен әулет ОҚО-да тұрады Оңтүстіктегі тоғыз жолдың торабына орналасқан Арыс қаласында тұратын Жаңабаевтар әулетінің V ғасырға жуық еңбек өтілі бар. Бір шаңырақтан тараған 17 жан еліміздегі теміржол саласының өркендеуіне үлес қосып келеді. Алды құрметті зейнеткер де атанған. Жаңабай атаның кәсібін үшінші ұрпағы жалғастырып келеді екен. Маңдай тер, адал еңбектерімен өзгелерге үлгі болып жүрген өскен-өңген шаңырақта болып қайтқан тілшіміз сабақтайды. Бұл альбом біздің Жаңабаевтар әулетінің 500 жылдық естелігі. Көмескі тартқан суреттердің Тазабек Жаңабаев үшін орны бөлек, мәртебесі биік. Өйткені онда отбасының шамамен V ғасырға жуық өмірі мен жүріп өткен еңбек жолы жатыр. Әдетте теміржол десе, жүйткіген отарба ғана көз алдымызға елестейді. Алайда ауыртпалығы мен қиыншылығы мол қарапайым шойын жол қызметкерлері тасада қалып қояды. Бүгінгі кейіпкеріміз дәл осындай жандардың бірі. Ол Арыс қаласындағы белгі беру және байланыс стансасында еңбек етеді. Тазабек Жаңабаев күрежолдың бойындағы шағын ғана Қабылсай стансасында туып өсті. Мектепті бітірісімен әке жолын қуып, шойын жолды бақылайтын қарапайым жұмысшы болып орналасты. Күн-түн демей еңбек етті. Жұмыс істеп жүріп оқыды. Тындырымды ісінің арқасында басшылыққа дейін көтерілді. 45 жыл бір салада еңбек еткен ол әрбір істе ұқыптылық керек. Шойын жол-қателікті кешірмейді, – дейді теміржолшы. Тазабек Жаңабаев, теміржолшы: – Кейбір жұмыстар бар миллиметр, сантиметрлеп өлшейтін. Бізде сол өте күрделі. Оны күн түн демей көздің майын тауысып істейді. Оған білім керек. Өйткені қауіпсіздік бірінші кезекте тұрады. Пойыз тоқтамауы керек. Қателесуге болмайды. Бір кездері Тазабекті әкесі Жаңабай шойын жол бойына осылай жетектеп әкелген еді. Енді ол өз немересіне атадан балаға жалғасып келе жатқан кәсіптің қыр-сырын үйретіп, дұрыс жолмен жүруге тәрбиелеп келеді. Жары екеуі мәпелеп өсірген үш перзенті қол астында қызмет атқарады. Алұрпағы әулетінің атын мақтан тұтады. Шынар Жаңабаева, немересі: – Атам да әжем де, әкем де ағаларым да теміржолда еңбек етті. Мен осындай отбасында туғаныма мақтанамын. Атам мен әжем сияқты теміржол саласында жұмыс істеп, Қазақстанға өз үлесімді қоссам деймін. Бүгінде Жаңабаевтар әулетінен 14 жан темір жол саласында еңбек етеді. Бірі екіншісіне сүйеу. Сүрінсе демеу. Мұның барлығы отбасындағы ынтымақ пен дұрыс тәрбиенің нәтижесі, – дейді 10 құрсақ көтеріп, олардан 24 немере мен 22 шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Райхан Күшікбаева, «Алтын алқа»иегері: – Қыздарым мен келіндерім тату тәтті болды. Мен де келіндеріммен жақсы қарым-қатынаста болдым. Тіпті жас кезімде келіндеріммен бірдей жүріп жұмыс істедім. Ал балаларым да жаман болған жоқ. Ішімдіктен аулақ жүрді, жаманшылыққа барған жоқ. Бәрі тәрбиелі тәртіпті болды. Шойын жол да күнге балқып, ирелеңдеп кетеді. Ал адами қасиетті жоғалтпаған жан ғана биіктен көрінеді, – дейді Тазабектің жолдастары. Қуанышбек Назарбаев, «Арыс» теміржол стансасының бас инженері: – 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан азамат қой. Осындай шын жүректен еңбек ететін азаматтар кемде-кем. Бірақ осы Жаңабаевтар әулетіндегі Тазабектің еңбегі керемет деп айтамын. Ол жігіттер сияқты еңбек етсе, біздің теміржол әлі де алға қарай ілгерілер еді. Жаңабаевтар әулетінің есімі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мұражайында алтын әріптермен жазылған. Осылайша, өздерінің адал еңбегімен өзгелерге үлгі болып отырған шаңырақ иелерінің басты ұстанымы біреудің ала жібін аттамау.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/58749-t-rady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз