Хиллари Клинтон президент болуға ниетті

0
603
3
АҚШ-тың Нью-Йорк штатының бұрынғы сенаторы және бұрынғы Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон ресми түрде 2016 жылғы президент сайлауына қатысатындығын жариялады. 67 жастағы бұрынғы бірінші ханым бұл туралы өзінің жеке сайтында мәлімдеп, 2 минуттық бейнеролик ұсынған. Хиллари ханым бейнежазбада «мен жайлы емес, сіздер жайлы» деп атап өткен. Хиллари Клинтон АҚШ президенттігіне осымен екінші рет өзін ұсынғалы отыр. Алғаш рет 2008 жылы Демократиялық партия атынан сынға түскен ол жарты жолдан тізгін тартып, Барак Обама Ақ үй қожайыны атанғаны белгілі. Сол Обаманың өзі өткен аптада Хилларидан жақсы президент шығатынын айтып, арқасынан қаққан болатын. Хиллари Клинтон бейнеролигінде: «Америкалықтарға әрқашан чемпион керек, сол чемпион мен болғым келеді», – деген екен.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58760-dent-bolu-a-nietti
.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз