Түсті металлургия саласының алыптары отандық үлесті арттыруда

0
1779
4
Шығыс Қазақстан облысындағы түсті металлургия саласының алыптары отандық үлесті арттыруда. Мұндағы кәсіпорындар соңғы 3 жылда елімізде өндірілетін өнімдерді сатып алуды 5 есеге көбейткен. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы серіктес бағдарламалар құрылды. Облыста қарқынды жұмыс істеп тұрған ірі өндіріс орындары осы тізімде. Солардың бірі – «Казцинк». Бұл зауыт жергілікті мердігерлерге жұмыс көзін ұсынып келеді. Биыл «Казцинк» басшылары 18 отандық кәсіпорынмен меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде өндіріс ошағында құны 60 миллиард теңгенің 70 келісімі іске асуда. Осындай шаралар нәтижесінде жалпы өңірдегі кәсіпорындардың қазақстандық үлесі 70 пайызға жеткен. Жарқын Мұсағалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары: – Кәсіпорынмен баланс, тұтынумен сататын өнімдерді бақылап, талдау жасап отырамыз. Соның ішінде қаншасы қазақстандық үлес, қаншасы басқа жақтан екенін анықтаймыз. Әкелінген өнімдерді өзімізден шығаратын болсақ деп соларды үгіттеп, өзімізден шығаруға тырысамыз. Облыс әкімі және ұлттық компаниялармен 9 меморандумға қол қойылған.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/58750-i-arttyruda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз