Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның төрт аймағындағы жолдар жабылды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (еріген судың жолды басу салдарынан) Астана қ. – Қарағанды облысы шекарасына (1275-1353 км а/ж “Алматы-Екатеринбург”) учаскесіндеде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қарағанды облысында Қарағанды қ. – Балхаш қ. (1488-1854 км а/ж “Екатеринбург-Алматы”); Теміртау қ. – Ақмола облысы шекарасына (266-51 км а/ж “Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау”); Ботақара а.- Павлодар обласы шекарасына (0-93 км а/ж “Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский”); Топар а. – Жезқазған қ. (906-433 км а/ж “Қызылорда-Павлодар”); Қарағанды қ. – Ақмола облысы шекарасына (1038-1142 км а/ж “Екатеринбург-Алматы”) учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Шығыс Қазақстан облысында 140 км а/ж “Семей-Қайнар”; 973-1050 км а/ж “Алматы-Өскемен” учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Павлодар облысы Майқайың а. – Қарағанды облысы шекарасына (93-265 км а/ж “Ульяновск-Керей-Үміткер”) учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Дереккөз: ИА «Казинформ»