Қарағанды облысының 30-дан астам елді мекенін су алды

0
71
 Қазіргі кезде облыста 33 елді мекенді су басып отыр. Облыс әкімнің бұйрығымен облыстық жедел штаб жұмыс жасауда, осыған ұқсас штабтар су басу қаупі бар әр елді мекенде құрылды. Су тасқынына қарсы шараларға 150-ден астам адам жұмылдырылып, ТЖД, ІІД, әскери бөлім қызметкерлері мен 300-ге жуық техника тартылды. Барлық елді мекендерде су бөгеу, елді мекендердегі қарды сыртқа тасу, бөгеттер қою жұмыстары атқарылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар, ТЖД, ІІД, әскери бөлімдердің күшімен 4070 адам мектептер мен қонақүйлерге көшірілді. Кейбір адамдар туыс-туғандарының үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге шығарылды, барлығы 2578 ірі қара, 1280 қой-ешкі мен 153 жылқы. Су тасқынына қатысты жүргізіліп жатқан шаралар сағат сайын хабарланады. Күн сайын облыс аумағы жоғарыдан бақыланады. Зардап шеккендердің барлығы есепке алынып, материалдық көмек көрсетіледі. Облыста туындаған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қала және аудан әкімдеріне су тасқынына байланысты нақты тапсырмалар берді. Апатты ауыздықтау барысында барлық техникалар жұмылдырылады. Ал су тартылғаннан кейін жолдарды жөндеу жұмыстары мен су шайып кеткен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары басталады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/58806-ara-andy-oblysyny-30-dan-astam-eldi-mekenin-su-aldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз