Time оқырмандары Путинді “жыл адамы” деп атады

0
51

АҚШ-та шығатын Time апталық журналы оқырмандары Ресей президенті Владимир Путинді “2014 жылдың тұлғасы” деп атады. Ресей президенті осы атаққа лайық деп оқырмандардың 6,9% дауыс берген.

Photo: Time оқырмандары Путинді "жыл адамы" деп атады

Басылым рейтингісінде екінші орында 6,6% дауыс жинаған Оңтүстік Корея әншісі CL, ал үшінші орында оқырмандардың 2,6% қолдау білдірген америкалық әнші Леди Гага тұр.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта барбадостық әнші Рианна, АҚШ әншісі Тейлор Свифт, британ киноактрисасы әрі фотомоделі Эмма Уотсон, буддистер көсемі Далай-лама, пәкістандық құқыққорғаушы қыз Малала Юсуфзай, америкалық әнші Жизе́ль Ноулз-Картер, Рим папасы Франциск бар.

Time оқырмандары анықтайтын тізімде АҚШ президенті Барак Обама 11-ші, ал оның әйелі Мишель Обама 12-ші орында. Қытай басшысы Си Цзиньпин 22-ші, Германия канцлері Ангела Меркель 25-ші болып тұр.

Дауыс беру Time сайты мен оның әлеуметтік желідегі парақтарында жүргізілген. Редакциясы Нью-Йоркте орналасқан, 1923 жылдан бері шығып келе жатқан Time журналы бұған дейін, 2007 жылы Ресей президенті Владимир Путинді “Жыл адамы” атағына лайық деп таныған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз