Белсенділер Есімовтен Георгий лентасын тағуға тыйым салуды сұрады

0
62

Алматыда бір топ азаматтық белсенді қала әкімі Ахметжан Есімовтің атына Георгий лентасын тағуды тоқтатуды сұрап хат тапсырды. Хатты әкімнің кеңсесі қабылдап алды.

Акимат Алматы. Фото: bnews.kz

20 адам қол қойған хатта белсенділер Есімовтен Алматыдағы мектептерде 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Георгий лентасын таратқызбауды сұраған.

Олар Алматыда 9 мамырда Ресей империясы мен советтік кезеңнің әскери символы болған әулие Георгий лентасының орнына көк түсті лента тағып шығуды ұсынады.

Белсенді Ботагөз Зарқынқызының айтуынша, сарғыш-қара түсті Георгий лентасы бұрын “Ресейде отарлау ісіне еңбегі сіңгендерге берілгендіктен” және Ресей Қырымды тартып алып, Шығыс Украинадағы жанжалға киліккенде сепаратистер қолданғандықтан Қазақстанда оны тағудың жөні жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз