Алдағы күндері еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болып, ұйытқыған желдің екпіні секундына 13-18 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің айтуынша, күн райындағы ауытқу Ресейдің еуропалық бөлігінен келген ылғалды ауа ағынына байланысты. Ал Астана қаласында күн құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Температура бағаны түнде 0-2 градусты көрсетсе, күндіз 9-14 градус жылы болады. Әлия Оспанова, инженер-синоптик: – Еліміздің батыс және шығыс өңірлерінде күндізгі сағаттарда ауа температурасы – 10-15, кей жерлерде 18 градус жылыға дейін көтеріледі. Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерінде – 7-12, кей жерлерде 15 градус жылы болады. Ал оңтүстік өңіріне келетін болсақ, 20-25, кей жерлерде 15 градус жылылықты көрсетеді.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/58859-bolady