Ресейдің Тергеу комитеті бұл жағдайды салғырттық таныту баптары бойынша қарастырмақ. 15 адамның өмірін қиған қызыл жалын 5 мыңдай адамды баспанасыз қалдырғанын айта кетейік. Тілсіз жау тып-типыл еткен 1 мың 400-ге тарта ғимараттың жартысына жуығы көпқабатты үйлер болған. Хакасия Республикасының басшысы Виктор Зиминнің мәлімдеуінше, баспаналарды қалпына келтіру үшін 5 млрд рубльден аса қаражат керек.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58860-oz-aldy