Семейде әскери-техникалық мектеп директоры параға бұқтырылған ет сұраған

0
511

Семейде әскери-техникалық мектеп директоры жергілікті кәсіпкерден 700 мың теңге және екі қорап бұқтырылған ет беруді талап еткендігі үшін қамауға алынды.

Photo: Семейде әскери техникалық мектеп директоры параға бұқтырылған ет сұраған

Есесіне директор кәсіпкер мүддесіне болысып, оқу орнын азық-түлікпен жабдықтау бойынша тиімді келісімшарт жасауға уәде берген деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ .

Семейдегі №2 соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткен жылдың алғашқы жартысында кәсіпкер әйел мен әскери-техникалық мектеп директоры мемлекеттік сатып алу шеңберінде мектеп курсанттарын үш уақыт тағаммен қамтамасыз етуге байланысты 7 миллион теңгеге дейін жететін келісімшарт жасасқан.

Кейін, мектеп директоры кәсіпкерден 700 мың теңге мен 2 қорап бұқтырылған ет (90 банка) беруін талап еткен. Параны ала салысымен келесі жылға келісімшартты жалғастыруға және мүддесіне болысуға сөз берген.

Әйел әскери-тергеу ұйымдарын бұл туралы хабардар етті. Мектеп директоры пара алған жерінен құрықталды. Осы сіке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз