Алматыдағы “Қағанат” асүйінде тұтанған өрт сөндірілді деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсен.
Фото: Карандашов Петр
“13 сәуірде сағат 14:27-де Сәтбаев көшесінде орналасқан “Қағанат” асүйлерінің бірі өртенгені хабарланды. Өрт сөндірушілер сағат 14.33-те жетті. Өрт ошақтарын оқшаулау сағат 14.43-те басталып, 15.00-де толықтай сөндірілді”, – деді Дүйсен ҚазТАГ агенттігіне.
Instagram-да aijanym_07 есміді пайдаланушы салған видеоролик кадрі
Оның айтуынша, өрт салдарынан 150 адам көрші жатақханадан сыртқа шығарылды. Өрт 80 шаршы метр аумаққа таралған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге 10 негізгі және 2 арнайы жабдықпен 30 адам жұмылдырылды.
Дереккөз: NUR.KZ