Т.Құлыбаев: Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жеткізушілердің тізімі жасалады

0
422
1
Қазақстанда отандық тауар өндірушілерді қорғаудың жаңа тәсілдері жетілдіріледі.
Бұл мемлекеттік сатып алу мен ұлттық компанияларға тауар алу кезінде кездесетін кедергілерге тосқауыл қоймақ. Бүгін Павлодарда бизнес қауымдастығымен өткен кездесу барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деп мәлімдеді. Оның пікірінше, жаңа құқықтық-нормативтік база конкурстық сатып алудың жариялы түрде өтуін қамтамасыз етеді. Бизнесті қорғаудың жаңа шарты жетілдіріліп, отандық кәсіпкерлердің назарына ұсынылатын болады.
Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы:
– Еліміз бойынша тауар жеткізумен айналысатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жеткізушілердің тізімі жасалады. Біз оларға жергілікті атқарушы биліктің көмегімен мемлекеттік сатып алу мен ұлттық компанияларға тауар алу кезінде қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар отандық өндірушілер үшін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар тарапынан ұзақмерзімді келісімшарттар жасалмақ.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/58931-alady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз