Йеменде балалар ереуілге шықты

0
390
2
Йемен астанасы Санада балалар шеруге шықты.
Ереуілшілер Сауд Арабиясы бастаған сырт елдердің әуе шабуылдарына қарсы. Жеткіншектер наразылық шараларын БҰҰ кеңсесінің жанында өткізді. Жиналғандардың бірі «Саудия әулеті жемқорлық былығына батқан, олар жақында жеңіліске ұшырайды» деп мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Йеменде 26 наурызда басталған соғыстан 643 адам қаза тапқан, марқұмдардың көбі балалар көрінеді. Тағы 2000-нан астамы жарақат алып, он мыңдаған тұрғын үйлерінен айырылып, басқа жаққа көшуге мәжбүр болған. Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағы елдері мен басқа мемлекеттердің қарулы күштері Йемендегі сүнниттік ағымды ұстанатын билікке қарсы бас көтерген шиіттік бүлікшілерді талқандау үшін халықаралық әскери коалицияға бірігіп, әуе соққыларын жасауға кіріскен болатын.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58960-shy-ty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз