Оқуға деген ынта адамға ген арқылы беріледі

0
464
4
Шәкірттердің оқуға деген ынтасын зерттеген ғалымдар 13 мың егізді тәжірибеге қатыстырған. Жас аралығы 9 бен 16 жас аралығында болған балалар Ұлыбритания, Канада, Жапония, Германия, Ресей мен АҚШ-тан болған. Оның барысында олар оқуға деген ынтаның 40-50%-ның генетикалық факторларға байланысты екендігін анықтапты. Баланың білім алуға құштарлығы әлеуметтік факторларға байланысты деп санап келген мамандар сынақ нәтижесіне таң қалған. Бұл мәселеде мұғалім, ата-ана тәрбиесі басты роль атқармайды екен. Егер білімге ынта болмаса, баланы да, ұстазды да кінәлауға болмайды. Себебі бұған адамның бойындағы оқуға деген құштарлыққа жауап беретін ген жауапты болып шықты. Ал кейбір ғалымдардың айтуынша, оқуға деген ынтаның пайда болуына көптеген гендер қатысады. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58901-o-u-a-degen-ynta-adam-a-gen

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз