Калифорния штатындағы құрғақ ауа райына мұндағы шектен тыс егілген марихуана себеп болған.
Бұл туралы америкалық ғалымдарға сілтеме жасаған америкалық блогер Итан Эпштейн хабарлады.
«Көптеген либералдар құрғақшылыққа климаттың өзгеруін кніәлайды. Ал кейбіреулер тым еркіндікке жол берген экологтарды айыптайды. Бірақ қайткенде де мұның барлығы адамның әрекетінен болған іс»,-деп жазды Эпштейн.
Белгілі болғандай, штат аумағында шектен тыс өсірілген марихуана жер асты суларының барлығын өз бойына сіңіріп алады екен. Сол себепті мұнда судың булануы нашарлап, жауын-шашын түспейді. Ал Калифорния есірткінің осы түрін өсіру жағынан қазір тіпті көршілес Мексикадан да асып түсіпті, деп жазады lenta.ru.
Калифорниялықтар 1996 жылы марихуананы егіп, медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат алған еді.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz