Небәрі 10 еуроға лотерея билетін алған адам үйлі болды

0
494
6
Қалауын тапса қар жанады.
Испаниялық Болумар отбасы өздеріне мұраға қалған үйді лайықты бағасына сата алмай қатты қиналды. Себебі қазір дағдарысқа байланысты мұндағы жылжымайтын мүлік құны айтарлықтай құлдыраған. Сонда олар салынғанына көп болмаған баспананы лотерея арқылы өткізудің амалын тауыпты.
Болумар отбасы оны lotohome.es арнайы сайты арқылы лотереяға салған. Ал билет құны небәрі 10 еуро болыпты. Ақыры өткен айдың соңында лотерея ойналып, 42916 нөмірлі билеттің иесі үйдің жаңа иесі атанған.
Ал ерекше сауда түрін ойлап тапқан үйдің бұрынғы қожайындары лотереядан жиналған 90 мың еуроны баспана үшін төлем ретінде алды. Енді олар «баспананы лотереяға салып өткізу жөнінен маман» деген бұрын-соңды әлемде кездеспеген жаңа біліктілікке қол жеткізіп, осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
Жалпы тапқыр отбасы бұл лотереяны ұйымдастыру үшін Испаниядағы қағазбастылық салдарынан 1 жыл уақыттарын сарп еткен, деп жазады prian.ru.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз