Қытайда әлемдегі ең қымбат саналатын Lamborghini мен Ferrari көліктері жол апатына түсті. Оқыс оқиға Бейжіңдегі жер асты жолдарының бірінде болған. Жасыл түсті Lamborghini-дің алдыңғы бөлігі жұлынып түссе, қызыл Ferrari есігі жұлынып кеткен. Жол апатынан бір адам зардап шекті. Бұл күні қалада жаңбыр жауған болатын. Көліктердің қақтысып қалуына күн райы сеп болды ма, жоқ па оны жол полициясы тексеруге кіріскен. Куәгерлердің айтуынша, Қытай астанасындағы бұл жер асты жолында көбіне жылдамдықты сүйетін жүргізушілер жарыс ұйымдастырады екен. Полицияның мәліметі бойынша қақтысып қалған екі көліктің де тізгінінде жастары 20 жігіт болған. Екеуі де жұмыссыз. Сондықтан болар, әлеуметтік желіде жас жігіттердің әкелері кім екен деген сұрақ жиі талқыланып жатыр.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58987-so-ty-ysty