Алматыда жүргіншілер өткелін “шамтаяқтармен” жабдықтау ұсынылды

0
620

Алматылық дизайнер Нұрлан Төреханов жүргіншілер өткелін “шамтаяқтармен” жабдықтауды ұсынды. Шамтаяқтар жарық шағылыстыратын қабатпен қапталған. Өнертапқыш бұл таяғы көп адамның өмірін құтқаратынына сенімді.

Photo: Алматыда жүргіншілер өткелін "шамтаяқтармен" жабдықтау ұсынылды
 “Шамтаяқ”. 7 арна кадрі

Дизайнер шамтаяқтарды жүргінші өткелдерінің қасындағы арнайы жәшіктерге салып қоюды ұсынып отыр деп хабарлады 7 арна.

Төрехановтың ойластырғаны бойынша, жаяу жүргінші түнде жол кесіп өтерде сол таяқтың бірін қолына ұстап, өтіп алған соң, жолдың келесі бетіндегі жәшікке қойып кетеді.

“Бұл жай пластиктен жасалады, оларды ешкім ұрлай қоймас деп ойлаймын” ,– дейді өнертапқыш.

Автор осындай таяқтар Алматының әр жүргіншілер өткеліне қойылса жол апаттары да азаятынына сенімді.

Төреханов Алматы әкімдігі бұл жобаны әзірге тек сөз жүзінде қолдап отырғанын айтты. Жаяу жүргіншілер бұл идеяны құптап отырса, көлік жүргізушілері таяқтың кереметтей көрінбейтіндігін алға тартуда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз