Қазақстанда жұмыс жасауға алынған рұқсаттардың жартысы қытайлықтарға тиесілі

0
432

Қазақстанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 4198 рұқсат берілді, олардың 2043-і ҚХР-дан. Бұл туралы ҚазТАГ Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік қорғау, көші-қон және еңбек комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовқа сілтеме жасап мәлімдеді.

Photo: Қазақстанда жұмыс жасауға алынған рұқсаттардың жартысы қытайлықтарға тиесілі

“Облыстардың жергілікті атқару органдары, республикалық мәндегі қалалар мен елорда 2015 жылғы қаңтар-ақпанда (…) шетелдік жұмыс күшін тартуға 4198 рұқсат берді”, – делінген ҚазТАГ агенттігінің салған сауалына А. Сарбасовтың берген жауабында.

Атап айтқанда, Қазақстанда қаңтар айында 1708 рұқсат берілген, ақпанда – 2490, оның ішінде ҚХР азаматтарына – 878 және 1165 рұқсат, Түркия азаматтарына – 226 және 559 рұқсат, Өзбекстан азаматтарына – 209 және 96, Үндістан – 72 және 101, Ұлыбритания – 38 және 73 рұқсат берілген.

Бұдан бір жыл бұрын 2014 жылғы қаңтар-ақпанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 3077 рұқсат беріліп, оның ішінде Қытай азаматтарына – 976, Түркия – 760, Италия – 156, Үндістан – 222 және Ұлыбритания – 199 рұсат берілген. Жалпы алғанда 2014 жылы Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 31 198 рұқсат беріліп, оның ішінде Қытай азаматтарына – 11 860, Түркия – 4243, Сербия – 1538, Үндістан – 1376 және Ұлыбритания – 1313 рұқсат беріліпті. Бұл ретте 2013 жылы Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 25491 рұқсат беріліп, оның ішінде Қытай азаматтарына – 6202, Түркия – 4506, Өзбекстан – 1718, Үндістан – 1757 және Ұлыбритания – 1434 рұқсат беріліпті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз