Аса ірі жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовті үй қамақта ұстау мерзімі 2015 жылдың 18 мамырына дейін ұзартылды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”.
![]() |
Серік Ахметов
|
“Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу тобы жетекшісінің өтінішхаты қанағаттандырылды. Қылмыстық іспен танысу үдерісіне байланысты Серік Ахметовті үй қамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы санкция берілсін”, – делінген Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының судьясы жария еткен сот қаулысында.
Онда белгіленген екі айлық мерзімде қылмыстық іс материалдарының көлемді болуы тергеушілердің танысып шығуына қиындық туғызып отырғаны айтылған.
Дереккөз: ИА «Казинформ»