Астанадағы ауызсудың ластанғаны туралы ақпарат расталмады

0
430
3
Астана қаласының әкімдігі ауызсудың ластанғаны туралы СМС арқылы таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
«Астана Су Арнасы» және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі күн сайын ауызсу сынамаларын алып отырады, бүгінгі таңда ол барлық нормаларға сай келеді. «Астана Су Арнасының» хабарлауынша, Астана су қоймасындағы су алу және сорғы-сүзгілік станция штаттық тәртіпте жұмыс істейді, құрылғылардың жағдайы жақсы. Сорғы-сүзгілік станциядағы су тазаланып, сүзгіден өтіп, залалсыздандырылады. Су жүргізу желісінде берілетін ауызсудың сапасы «Ауыз су» МЕМ СТ 2874-82 талаптарын қанағаттандырады.
– Су құбырындағы судың сапасы барлық өңдеу кезеңдерінде үнемі тексеріліп отырады. Микробиологиялық көрсеткіштер тәулігіне 1 рет, органолептикалық көрсеткіштер (иісі, түсі, тұнықтығы) тәулігіне 12 рет, қалдық хлор сағат сайын тексеріледі. Сорғы-сүзгілік станцияда күніне 800 химиялық, 100 бактериологиялық талдаулар жүргізіледі, – деді «Астана Су Арнасы» бас директорының орынбасары Сергей Вилков.
Ауызсудың санитарлық нормаларға сай екендігін Астана қаласының ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі де растады.
– Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша барлық тазалау құрылғылары, сорғы станциялары дұрыс жұмыс істеп тұр, штаттық жағдайда қызмет етеді. Біз күн сайын тұрғындарға тұйық жерлердегі су тарататын колонкалардан берілетін судың сапасына монторинг жүргіземіз, судың сапасы барлық нормативтік талаптарға сай. Сондықтан қала тұрғындарына судың сапасына алаңдаудың қажеті жоқ, – дейді Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Федор Пеев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз