Вашингтонда сакура гүлдеді

0
65
Вашингтонда сакураның гүлдеуіне арналған фестиваль өтіп жатыр.
Бұл 3 мың ағашты Жапония АҚШ-қа 1912 жылы сыйға берген. Міне, 80 жылдан бері осы тамаша сәтке куә болу үшін Америка астанасына жыл сайын миллионға жуық адам арнайы келеді. Суретшілер болса әсерлі мезетті қылқалам ұшымен бейнелеп қалуға тырысады. Ал жұртшылық суретке түсіріп мәз. Сакураның ұлттық фестивалі 4 аптаға созылады.
Чарльз Роби, Вашингтон тұрғыны:
– Шие ағаштары сондай әдемі және жылына бір рет қана гүлдейді. Бізге олар өте ұнайды.
Линдсий Дарлинг, турист:
– Адам деген толып жүр. Ал сакураның әдемілігіне сөз жетпейді. Мен мұндай кереметті бұрын-соңды көрмеппін.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59055-ldedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз