«Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сыны шілдеде өтеді

0
126
Президент жүлдесі үшін қазақ күресінен болатын «Қазақстан барысы» турнирі 5шілде күні өтетін болды.
Апайтөс алып ұлдар аламанының жүлде қоры – 350 мың АҚШ доллары. Бесінші рет өтетін дүбірлі доданың аймақтық іріктеу кезеңі басталып та кетті. Астанадағы «Сарыарқа» велотрегіне жиналатын 32 балуан ақтық сайыста күш сынасады. Былтырғы жарыста жауырыны жерге тимей, жеңімпаз атанған Мұхит Тұрсынов табоз кілемде бақ сынайды. Жалпы турнир шарты бойынша жасы 18-ден асқан және салмағы 80 келіден ауыр тартатын қарымы мықты жігіттержекпе-жекке шыға алады. Іріктеу сынында іркілмегендер мамырдың аяғында Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Онда балуандар толық медициналық тексеруден және допингтік бақылаудан өтеді. Қазір төрешілер құрамы анықталып жатыр.
Сәрсен Құранбек, ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы:
– Былтырғы жылы төрешілер мәселесіне жаңаша өзгерістер енгіздік. Оқу-жаттығу семинарлары барысында біз 6 төрешіні іріктеп алып, сол төрешілерге қомақты қаржы салдырып, сол арқылы төрешілікті барынша әділетті қылуға тырыстық. Сол тәжірибені осы биыл да қолданамыз деп отырмыз.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/59048-shildede-tedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз