Алматыда 1,5 млрд доллар жұмсалған тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

0
96
 «Есентай парк» кешенінің үшінші, яғни соңғы кезеңі болып табылатын Esentai Apartments тұрғын үй ғимаратының құрылысы аяқталды. Жоғары санатты тұрғын үй кешенін сәулет өнері мен жоғары деңгейде өмір сүрудің үйлесім тапқан көрінісі деуге болады. 22 қабатты үй кез келген талғамға сай тұрмыстық техникалармен жабдықталған. Екіқабатты пәтерлер 5 жатын бөлмемен ерекшеленеді. «Қазкоммерцбанк» пен әлемнің жетекші құрылыс компанияларының бірі ENKA-ның қатысуымен жүзеге асқан жобаға 1,5 млрд доллар жұмсалған. Мехмет Тара, ENKA компаниясының акционері және жетекшісі: – Бұл жобаға көп күш жігер мен жинақтаған бар тәжірибемізді жұмсадық. Біз «Есентай парк» жобасына өз қолтаңбамызды қалдырып, «Қазкоммерцбанкпен» нәтижелі жұмыс жасағанымызға қуаныштымыз. Орталық Азия аумағында баламасы жоқ бірегей жоба Батыстың кез келген ғимараттарымен бәсекелесе алады. Алайда оны салудағы басты идея Алматының сәулетімен үйлестіру болатын дейді жоба авторлары. Мағжан Әуезов, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы: – Бүгінгі көрсетілген пәтерлер болашақ иелеріне де ұнайды деп ойлаймын. «Есентай парк» кешені әсем қаламыз Алматының ең көрікті жеріне айналады деген үміттеміз. Жоба сәулетшісі – әлемге әйгілі Сингапур қаржы орталығы, Дубайдағы ең биік ғимарат «Бурдж-Халифаны» тұрғызған SOM халықаралық сәулет бюросы. Жобаның сейсмикалық қауіпсіздігін Жапонияда ғимарат салуға рұқсат алған жалғыз америкалық компания қамтамасыз еткен.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/59109-taldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз