Неміс ғалымдары өрмекшінің торын жасап шығарды

0
756
2
 Неміс ғалымдары асқазанда болатын бактериялардың көмегімен өрмекші торын жасады. Алынған тізбек мықты әрі икемді болып шыққан. Әзірге оны қайда қолдану керектігі туралы зерттеушілер тіс жарған жоқ. Бірақ жасанды қылдардың қасиеті жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып отыр. Енді ғалымдар осындай торды бұлшық ет жасушаларымен будандастырып, жасанды жүрек бұлшық еттерін, сондай-ақ тері мен жүйке ұлпаларын да өсіруге талпыныс жасамақ. Томас Шайбл, профессор: – Біз бірнеше өнім жасап шығардық. Олардың арасында теріге арналған кремдер бар. Бұлар косметикалық қана емес, сонымен қатар медициналық та қасиеттерге ие. Бұдан басқа, біз озық биосәйкестігі бар имплантаттарға арналған қабықтар жасай аламыз. Олар рак ауруына шалдықан, иммунитеті төмен адамдар үшін маңызды болмақ.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59127-ardy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз