Италияны бетке алған кеме апатқа ұшырап, 400-ге жуық адам көз жұмды

0
549
3
Жерорта теңізінде орын алған кеме апатынан 400-ге жуық мигрант қаза тапты. Бұл туралы Save the Children ұйымына сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлайды. Кеме Ливиядан Италияға бара жатқан. Аман қалғандардың сөзіне қарағанда, бақилық болғандардың арасында жастардың саны көп. Бортта жалпы саны 550 адам болған. Қайғылы оқиға су көлігі ашық теңізге түскен уақыттан сәттен бастап бір тәулік өткенде орын алған. 2014 году Жерорта теңізінде 3 мыңға жуық босқын көз жұмса, 2000 жылдан бері есептегенде, бұл көрсеткіш 22 мыңға жетеді.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59134-h-mdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз