Француз режиссері Эмманюэль Берконың фильмі 13 мамырда көрсетілетін болады. Оның премьерасы 68-рет өткізілетін Канн кинофестивалінде өтеді, деп хабарлайды newsru.com. «С высоко поднятой головой» фильмі жастайынан құқық бұзып, полицияның көзіне түскен Малони атты жасөспірім туралы. Оның барысында Малониді құзырлы органдар мен әлеуметтік қызметкерлер өсе келе кәнігі қылмыскерге айналып кетуден сақтап қалу үшін күресетін болады. Кинотуындыдағы рольдерді Катрин Денев, Бенуа Мажимель, Сара Форестье мен Род Парадо ойнаған. Канн фестивалі 13-24 мамыр аралығында өтеді. Фестиваль бағдарламасы 16 сәуірде жарияланатын болады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59110-tarikhta-al-ash-ret-kann-kinofestivali