Ақмола облысында 542 адам уақытша эвакуацияланды

0
355
1.6
Күрделі тасқын жағдайына байланысты Ақмола облысының бірқатар аудандарында тұрғындар уақытша қауіпсіз жерге көшірілу. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Целиноград, Астрахань, Аршалы, Қорғалжын аудандарында су басу қаупі бойынша барлығы 542 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындар туысқандарының үйлеріне және мектептерге орналастырылды. Қорадағы малдар да қауіпсіз жерде, – деп хабарлады ТЖД мамандары. Ведомствоның ақпараты бойынша, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген құтқарушылар әріптестерімен бірге қатаң тәртіпте жұмыс істеуде. Өзендердегі судың бөгелген жерлерінде суды жару жұмыстары жүргізілуде, Нұра өзеніндегі су деңгейін төмендету жұмыстары жалғасуда, бөгеттер мықтап бекітілуде, инертті материалдардан қорғауыш құрылғылар салынуда. Бұдан басқа ҚР «Оңтүстік» ұлттық гвардиясы РМК-ның ВЧ-28237 жеке құрамы көмекке жіберілді. Сондай-ақ, апаттар медициналық орталығы қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілуде», – деп қосты жедел штаб мамандары.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/59169-evakuatsiyalandy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз