Березовка ауылында балалар тағы да естерінен танып жатыр

0
428
1.7
Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылындағы балалар тағы да естерінен танып жатыр. Бұған балалардың ата-аналары қатты алаңдаулы, деп хабарлайды mgorod.kz порталы. Өткен аптаның аяғында Темірлан Темірғалиев пен Рузанна Назбаева есімді алтыншы сынып оқушылары сабақ үстінде кенеттен естерінен танып қалған. Жағдайға байланысты бесінші, алтыншы және жетінші cыныптар екі аптаға уақытша Мәдениет үйіне оқытуға жіберілген екен. Алайда оқушылар жаңа орында екі күн ғана жайбарақат оқиды. Одан кейін күн сайын балалардың біріне дәрігер шақыртумен болған. Ал Рузаннаның анасы күнде қызына мектепке барып отырады екен. Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет 25 бала мен 4 ересек адам 2014 жылғы 28 қарашада ауруханаға түскен еді. Барлығында бастары айналу, денелері құрысу, жүректері айну фактілері болған.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/59183-zhatyr

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз