Тайбэйде электр көліктерінің көрмесі өтті. Тоқ қуатымен жүретін темір тұлпарлар арасында «Акенза» үлгісіндегі екі орындық машина ерекше көзге түсті. 2 сағатта электр жүйесінен қуат алып үлгеретін ол 80 шақырымға дейін қашықтықты еңсере алады екен. Оған қоса шағын көлік жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін үдетуге қауқарлы. Еуроодақта қауіпсіздік талаптары бойынша сыннан сүрінбей өткен «Акензаның» құны 10 мың доллар шамасында. Әзірге электр көлігі жанармаймен жүретін «бауырластарымен» бәсекелес бола аламаса да, болашақ осы «жасыл машиналардың», – еншісінде дейді жоба авторлары. Дональд Ву, Pihsiang Electric Company басшысы: – Бізенді осы шағын машиналарды шығарудан бастадық. Келешекте қала аймағымен қоса, одантыс қарыаймақтарда емін-еркін қозғалатын көлікті құрастыруды ойластырып жатырмыз. Көрменің тағы бір басты жаңалығы тайваньдық автокөліктердің ғылыми-зерттеу орталығы электр көліктеріне арналған сымсыз қуаттандырғыш құралының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар жүк машиналары мотоцикл және скутерлердің жаңа үлгілері ел назарына ұсынылды.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59192-k-rmesi-tti