Дүниежүзінде экономикасы мығым және табиғи байлығы мен адам капиталы, жалпы жылдық табыстың жан басына шаққандағы мөлшерін, сондай-ақ ұлттық вальютаның сатып алу мүмкіншілігін есептей келе «Қамшы» порталы әлем елдері ішінен суырылып дара шыққан, ең бай 10 мемлекеттің тізімін назарларыңызға ұсынады.
- Катар. Нәтижесінде әлемнің ең бай өмір сүретін мемлекеті – Катар мемлекеті болып шыққан. 1,7 млн. ғана халқы бар Парсы шығанағында орналасқан бұл мемлекет 2015 жылдың алғашқы жартысында тұрақты және ең көп мөлшерде табиғы мұнайды өндіретін елдердің қатарынан табылып отыр. Оңтүстік-батыс Азияда орналасқан Катар астанасы Дохада жұмыссыздық атауымен жоқ деп танылған. Катар табиғи газ қоры жөнінен дүнежүзінде 3-орында тұрса, табиғи газ экспортынан 6- орынды иеленеді. Мұнда ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық мөлшері – 88 222 долларды құрайды.
- Люксенбург. Сырт көзге территориясы кішкене ғана қала-мемлекет болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндағы ЖІӨ жан басына шаққандағы мөлшері – 87 541 доллар. Осындай көрсеткішпен Люксенберг рейтингте екінші сатыға жайғасқан.
- Әлем елдері ішінде тек экономикалық жағынан емес, сондай-ақ, білім-ғылым саласында да қарқынды дамып келе жатқан Сингапур ең бай мемлекеттер арасында үшінші орынға жайғасқан. Сингапур халқының жалпы ішкі өнімін жан басына шаққанда, бір жылда әр сингапурлық тұрғын – 56 498 доллар табыс табады екен.
- Әлемдегі аса ірі мұнай ресурстарын иемденіп отырған тағы бір мемлекет – Норвегия. Норвегиялықтардың жылдық табысы – 51 959 доллар. Осындай көрсеткішпен олар рейтингте төртінші орында тұр.
- Әлемнің ең бай мемлекеттері арасында үздік бестікті Бруней түйіндейді. Норвегиямен салыстырғанда Брунейліктер де өздерінің аса ірі мұнай және газ қорларымен мақтана алады. Тіпті, мұнда мемлекеттің ЖІӨ-нің 90 пайызы кен орындарының есебіне тиесілі.
- БАӘ (Біріккен Араб әмірліктері) – 1950 жылдардың бас кезеңінде БАӘ қаржы дағдарысынан қатты әлсіреген, экономикасы тұрақсыз, халқы кедей елдердің қатарында болған. Алайда, БАӘ геотерриториясынан аса ірі мұнай қорын тапқан соң, бәрі өзгерген. Бүгінде БАӘ әлемнің ең бай 10 мемлекетінің қатарынан табылып отыр. Мұнда ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері – 47 694 долларды құрайды.
- Дүниежүзінде алпауыт саналатын АҚШ рейтингтің жетінші сатысынан бірақ шықты. Экономикалық, әскери, еңбек капиталы жөнінен АҚШ әлемді өзіне мойындатқан мемлекет. Мұнда жылдық табыс мөлшері – 46 874 доллар.
- Соңғы жылдарда Гонконг қарқынды дамып келе жатқан үздік сегіздік қатарынан табылп жүр. Мұнда тиімді экономикалық саясат, арзан салық реформасы еркін сауда-саттыққа жол ашқан. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар тарту үшін де тиімді. Сондықтан, Гонконг көбіне туристік қала саналап кеткен. Десе де, мұндағы жылдық табыс мөлшері – 44 996 долларды құрайды.
- Рейтингтің тоғызыншы орнына Швейцария мемлекеті жайғасқан. Себебі, Швейцария тек шокалад және әйгілі сағаттарымен ғана емес, өздерінің блімділік коефиценттері арқылы да әлем елдерінен оқ бойы озық шығуда. Мұнда тұрғындардың 98 пайызы жоғары білімді және Швейцарияда банк секторы мықты дамыған.
- Нидерланды – тек табиғи байлықтарға ғана бай мемлекет емес. Сондай-ақ, ол геосаяси, территориялық маңызды аймақта орналасқан. Еуропаға өтетін барлық жолдар Нидерланды арқылы өтеді. Нәтежиесінде Нидерландылықтардың жылдық табысы – 42 918 долларды құрап отыр. Бұл оныншы орын үшін жаман көрсеткіш емес.
Ал Қазақстан Республикасы ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық көрсеткіші жөнінен әлемнің 144 мемлекетінің ішінде 50-орынға тұрақтаған. Ресми деректерде қазақстандықтардың жылдық табысы 14 000 долларды құрайды деп көрсетілген.
Нұрзат Тоғжан