МҰХТАР ШАХАНОВҚА МАХМҰТ ҚАШҚАРИ СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ

0
762

 

 

7 Біраз уақыт бұрын баспасөз бет­те­рінде Пәкстан Ислам Рес­публикасының Президенті Мамнун Хусейн мырзаның қазақтың атақты ақыны, белгілі қоғам қай­рат­кері Мұхтар Шахановқа күллі мұсылман әле­мінің жоғарғы сыйлығын табыс еткені туралы қуа­нышты хабар жа­рияланып еді. Жуырда Әзір­бай­жан Республикасының астана­сы Баку қа­ласында Әзірбай­жан-Түркия қо­ға­мының (ATEV) бекіт­кен Махмұт Қашқари атындағы Түр­кі әлемі­нің Халықа­ралық сыйлығы тұңғыш рет М.Шаха­нов­қа салтанатты түрде табыс етілді.

shahanov..    М.Шахановтың Әзірбайжан Республикасында болуы құрметіне мемлекеттік телеарнадан екі дүр­кін,­­ бір рет бір жарым сағат, екіншісінде қырық бес минут тікелей эфир ұйымдастырылды. Бұл шара ақынға деген Әзірбайжан оқырмандарының ыстық ықыласын әйгілесе керек. Тікелей эфирде ақын әлемнің көптеген мемле­кеттерінде материал­дық байлықтың, спорттың, жеңіл ән­дер­дің бірінші қа­тарға шығып, адамды­ адами биікке көтеретін ру­ха­ни құндылықтардың ең кейінгі қатарға ысы­рыл­ға­ны туралы айтты, бір кезде Шыңғыс Айтматов екеуі бірле­сіп жазған «Құз басындағы аңшының­ зары» (Ғасыр айырығындағы сырласу) атты кітапта өзбек бауырлар арасында туған ағасының қызы туған інісінің баласына тұрмысқа шыға бере­тіндігін, мұндай әрекеттердің адами болмысқа едәуір деңгейде залалы болатынын, тіпті бір қырғыз ғалымы­ның адам түгілі малдың өзі төрт ұрпаққа дейін қо­­сылмауы керектігін дәлелдегені жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар М.Шаханов «Құз басындағы аң­шының зарын» Өзбекстан Республикасының Пре­зиденті Ислам Каримовтың оқып, Айтматов екеуімен арнайы жолыққанын, кейіннен И.Кари­мовтың өзбек бауырлар арасында осы қалыптасқан дәстүрге қар­сы арнайы заң шығартқанын айтты. Тікелей эфирге қатысып отырған Әзірбайжанның белгілі ақы­ны, Парла­мент депутаты Сабыр Рүстемханлы осындай дәстүрдің әзірбайжан ұлтында да бар екенін, кезінде Айтматов пен Шаханов көтерген мәселе төңірегінде Әзірбайжан елінде де арнайы заң қажеттігі туралы, осы мәселеге бұдан былай өзінің де бел шеше араласатындығын мәлімдеді.

Әзірбайжан бауырлар сонау Совет Одағы салтанат құрып тұрған кезеңде Наурыз мере­ке­сін тірілткені үшін және одақтас республи­калардың тіл­деріне мемлекеттік мәртебе бері­луіне себепкер бол­ғ­аны үшін М.Шахановқа алғыс сезімін білдірді.

М.Шаханов Түркі әлемі зиялылар одағының­ төрағасы ретінде Әзір­байжан Республикасында Зиялылар одағының бөлімшесін ашты. Бө­лім­ше басшысы болып Әзірбайжан Пар­ла­мен­тінің депутаты, белгілі ақын С.Рүстемханлы бекітілді.

 

Н. ЖҮСІПБАЙ.

Г. САДЫРБАЕВА.

http://www.qazaquni.kz/?p=35203

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз