Соңғы 9 жылда елімізге Сингапурдан 60 миллион доллардан астам тікелей инвестиция құйылды.
Арадағы сауда айналымы 170 миллион доллардан асқан. Бұл туралы бүгін Астанада өткен бизнес-форумда айтылды. Басқосуға екі елдің ірі компания өкілдері қатысып, әріптестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Еліміз Сингапурмен ынтымақтаса отырып, бірінші кезекте IT-технология, транспорт және коммуникация, инфрақұрылым мен химия өнеркәсібі саласын дамытуды көздейді. Кәсіпкерлікті өркендету арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетін жоғарлату да маңызды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін қазір құрамына 20 мыңнан астам компаниялар кіретін сингапурлық бизнес қауымдастықтармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Рахат Мұхтаров, Kaznex Invest АҚ департамент директоры:
– Қазақстан әлемдік қауымдастыққа шикізат қорына бай мемлекет ретінде қызықты. Бірақ біз шетелден инвесторларды тартып, отандық кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарып жатырмыз. Ал бүгінгі форум Сингапур елінің бизнес қауымдастықтарымен тығыз байланыс орнатуға жасалған алғашқы қадам. Осыдан кейін біз Сингапурға барып, Қазақстанға керекті компаниялармен кәсіби тұрғыда келіссөздер жүргіземіз.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/ekonomika/item/59204-tti