АҚШ-та McDonald’s қызметкерлері ереуілдетіп жатыр

0
398
2
АҚШ-та McDonald’s қызметкерлері ереуілдетіп жатыр АҚШ-тың Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Окленд сияқты бірқатар ірі қаласында McDonald’s жедел тамақтану желісінің жүздеген қызметкері наразылық шерулеріне шықты. Бұл туралы USA Today хабарлады. Ереуілшілер компаниядан жоғарғы жалақы төлеуін талап етуде. Мәселен Нью-Йорктің Манхэттен, Бруклин аудандарындағы наразылық иелерінің айтуынша, мұндай қалада сағатына 8 долларға жұмыс істеу мүмкін емес. Тек пәтер жалдаудың өзіне 1900-2000 АҚШ доллары жұмсалады деп отыр олар. Осылайша, ашынған қызметкерлер жалақыны екі есеге дейін көтеруді сұрап отыр. «15 доллар үшін күрес» деп ұрандатқан олар жолдарды бөгеп, көлік қозғалысына кедергі келтірді, McDonald’s-тың алдына түгелдей сұлап жатып алды. McDonald’s қызметкерлерінің ереуілі тек АҚШ аумағында ғана емес, Афин, Торонто, Сан-Паулу, Гонконг сияқты әлемнің ірі мегаполистерінде қатар жүріп жатыр.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59355-detip-zhatyr

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз