Астанаға Реджеп Тайып Ердоған Түркия президенті ретінде алғашқы ресми сапармен келді

0
401

Бүгін Астанаға Реджеп Тайып Ердоған Түркия президенті ретінде алғашқы ресми сапармен келді. Ол Астанада өтетін стратегиялық ынтымақтастық кеңесі отырысына елбасынан арнайы шақырту алыпты.

ердоган - 01

Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алқалы жиында мемлекет басшылары екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын арттырып, стратегиялық серіктестік деңгейін жаңа бағытта дамыту жолдарын қарастырмақ.

Түрік саясаттанушылары мемлекет басшыларының кездесуі түркі тілдес елдер арасындағы бірлікке күш салуды да көздейді деген пікірде.

“Түркия тарапы Таяу Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік жағдайынан сабақ ала отырып, түркі тілдес елдер арасындағы бірлікке күш салуы керек. Себебі екі елдің де, яғни Түркия мен Қазақстанның, бұған лидерлік потенциалы жеткілікті. Сонымен қатар, сауда-экономикалық қатынастың көлемін арттырып, ортақ іс құрылуы тиіс”, – дейді  Түркияның Азия стратегиялық зерттеу орталығының президенті Сүлеймен Шенсой.

“Екі елдің мемлекет басшылары былтыр Қазақстан мен Түркияның тауар айналымы 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу керектігін айтқан болатын. Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі күні алыс-берістің қаржы көлемі 3,6 млрд долларды құрап отыр. Межеге жету үшін әлі де жұмыс атқару керек. Мәселен, Қазақстанда бірнеше жылдан бері атқарылып жатқан мемлекеттік үдемелі индустриялық бағдарлама бар. Дәл осы тақырып аясында ынтымақтастықты арттыруға болады. Себебі бұл салада Түркияның тәжірибесі мол. Сонымен қатар, энергетика саласы бойынша да бірлесе іс атқаруға болады”, – дейді сарапшы Куршат Зорлу.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркия президентінің Түркістандағы мешіттің ашылуына қатысатыны хабарланған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз