Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 10 кен орны табылуы мүмкін

0
429

Қазақстан қазба байлықтарының геологиялық барлаудағы үлесін 50 пайыздан да төмендетуі мүмкін.

геология

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Инвестициялар және даму министрлігі, Геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.

“Бізде 800-ден астам келісім шарт бар. Ол көмір шикізаты және қатты пайдалы қазбалар мен су. Олардың 50 пайыздан астамы шет елдік инвесторлардың қатысуымен болып жатыр. Болашақта біз осыған көбірек тарту үшін Қазгеология ҰК арқылы Рио-Тинто және Корес, басқа да  компанияларды барлау жұмыстарына тартып жатырмыз. Көмірсутегі шикізатына 27 объектілерді анықтадық. Ол бойынша жақын арада ашық конкурс жариялануы керек. Соның арқасында біз инвесторларды көбірек тартамыз деп отырмыз”, – деді  ИДМ Геология және жер қойнауын барлау комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.

Қазба байлықтарын барлауда Қазақстанның үлес салмағының төмен екенін мамандар жұмыстың қымбаттығымен түсіндіреді.

Мәселен, бір шаршы шақырымды барлау үшін $150 млн-ға дейін жұмсалуы мүмкін. Себебі кеніштер жердің ең төменгі қабаттарында жатыр – дейді, Жер қойнауын барлау комитеті өкілдері.

Ал табыс тәуекелділігі шамамен «бір де отыз». Оған қоса маман тапшылығы да бар. Сондықтан Қазақстан инвесторлар үшін қаншалықты тартымды болса, Қазақстанның инвесторларға деген тәуелділігі де соншалық.

“Маккензи болжамы бойынша, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 10 кен орны табылуы мүмкін. Сондықтан біз барлауға ерекше көңіл бөліп, инвесторларға ерекше ілтипатпен қараймыз. Десек те, қазба байлықтарымыздың барлығы шет мемлекеттердің қолында кетпесі үшін, стратегиялық маңызды кен орындары тиісті заңнамалармен және «жер қойнауын пайдалану» заңымен реттеледі”, – дейді ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Тимур Тоқтабаев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз