Қарағанды облысында Садовая ауылын су басты

0
408

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Гагарин мен Садовая ауылдары арасын су алды. 16 сәуір 2015 жыл.

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданына қарасты Садовая ауылын су басып, ауылға баратын жол жабық тұр.

Су басқан ауыл тұрғындарының сол аймақта жүрген Азаттық тілшісіне айтуынша, ауылдағы 70-ке тарта үйдің 300-дей тұрғыны бұдан бес күн бұрын су қаупі төнгенде көршілес Гагарин ауылына көшірілген.

Ағыбай Жайнақ есімді тұрғынның айтуына қарағанда, көшірілген тұрғындардың 40-қа жуығы Гагарин ауылдық клубында тұрып жатыр, қалғандары сол ауылдағы басқа да үйлерге, туыстарына бөлініп орналасқан.

– Сәуірдің 11-інде Нұра өзенінің деңгейі көтеріліп, су басады дегенде ауылдан көшірді. Малдарымыз бен құжаттарымызды ғана алып шыға алдық. Дүние-мүлік, заттарымыз түгел қалды. Қазір Садовая мен Гагарин арасында үш километрдей аумақта су жатыр. Жол жабық, моторлы қайық болмаса жай қайықпен өту мүмкін емес. Тамақ, азық-түлік қаладан келіп жатыр, таныс-туыстардан тамақтанып жатырмыз. Су қайтпай үйімізге бара алмаймыз – дейді Ағыбай Жайнақ.

Садовая ауылы Теміртау қаласынан 20 километрдей қашықтықта орналасқан.

azattyq.org

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз