Дубайда көбелектер саябағы есігін айқара ашты

0
722
2
Түрлі-түсті бояуға бөленген 15 мың жәндік көздің жауын алып, саяхаттап келген қонақтардың көңілін аулауда. Ал Біріккен Араб Әмірліктері сияқты шөл дала халқы үшін бұл – нағыз жазира жер. Өйткені мұнда Африка мен Оңтүстік Америка елдерінде ғана мекен ететін көбелектер ұшып-қонып жүр. Бұл жәндіктердің өмірі қысқа. Сондықтан жарты ай сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қуыршақ жеткізіліп отырады деп сендірді павильон қызметкерлері. Ал таңдай қақтырар таңғажайып көрмеге келгендер алған әсерімен бөлісіп жатыр. Разан Мелхем, Иорданиядан келген қонақ: – Бұл – көркем әрі жарқын бояулармен көмкерілген тамаша жер. Қанат қаққан көбелектерден көзімді алар емеспін. Вики Кларк, Англиядан келген қонақ: – Бұған дейін де түрлі көбелек бақтарын көргенім бар. Бірақ олардың ешқайсысы мына көрмеге жетпейді!

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59426-aj-ara-ashty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз