Астанада Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті

0
469
3
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты. Екі ел басшысының қатысуымен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы екіжақты ықпалдастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ «Жаңа Синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Н.Назарбаев Р.Ердоғанның елімізге әр сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға толы болып келетінін атап өтті. «Осы жолғы сапар да қазақ-түрік байланыстарында терең із қалдырғаны даусыз. Түркия Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктестерінің бірі болып саналады. Елдеріміздің ортақ тарихқа, тіл мен рухани қазынаға негізделген қарым-қатынасы жақсы қарқынымен ерекшеленеді», – деді Мемлекет басшысы. Отырысқа қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін және оны болашағы бар бағыттар бойынша бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/59442-rysy-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз