Сәкен Майғазиев кіндігін ашып, сәукеле киген “Баян-сұлуды” сынады

0
427

Кеше еліміздің ғашықтары Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өтті.  2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді осындай атаулы күн деп белгілеген болатын.

субуркак

Содан бері  қазақ жастары біртіндеп әулие Валентин күнінен бас тартып, ұлттық мерекені ұлықтай бастады деп хабарлайды Жетінші арна.

Әлеуметтік желідегі жұрт әдеттегідей емес, мерекелік күймен оянған.  Себебі ғаламтор бетін Қозы мен Баянның, Қыз Жібек пен Төлегеннің, бүгінгі ғашықтардың суреттері мен құттықтаулар торлады.

Аға буын, жастардың Әулие Валентиннен аулақ кеткеніне қуанды. Ал Алматыда ғашықтарға арналған су бұрқақ ашылды. Дәл осы сәтте ұлттық деген мерекеге қуанған жастардың көңіліне кірбің түсті.

Өйткені субұрқақтың ортасындағы сәукеле киген қазақтың қызы Баян да емес, Жібек те емес, қай ертегіден шыққаны белгісіз  су перісі болып шықты.

Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасына су бұрқақтың ашылу салтанатынан арнайы видео  салған болатын. Өз кезегінде бұл бейнеге қатысты ұлтжанды жастар ренішке толы пікірлер жазды.

“Көзіме сене алар емеспін, сәукеле қайда, русалка қайда? Қозы мен Баянның оған қатысы қанша?”, “Қазақтың ертегілерінде су перілері бар делік. Бірақ олар махаббат символы емес, керісінше, адамдарды азғыратын жағымсыз кейіпкер еді ғой”, – деген пікірлер көбейе бастаған.

Одан бөлек, танымал әнші Сәкен Майғазиев те аталған ескерткіші көңілі толмайтынын жеткізді.

“Бояушы, бояушы деген сайын сақалына дейін бояп тастапты…”- кері келіпті.  Мынау не “фантазиясы”, тағы?! Алматының көрнекті орындарының біріне орнатқан Баян-сұлу ескерткіші-мыс. Сәукеле киіп, кіндігін ашқан су перісі. Сұмдық-ай!”, – деп жазады әнші өз парақшасында.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз