Оттай ыстық көріндің де көзіме,
Өртеп өттің орнықты қыз ойы ізгі.
Жол үстінде жолыққан соң өзіңе,
Сұмдық жақсы көріп кеттім пойызды…
Арманыма жетті қолым, не керек,
Ғашықтардың болмас бәрі шеркеуде…
Суретіңді салсам деймін керемет,
Мона Лиза қызғанатын көргенде…