Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысына бөлінген ақша жетпей қалуы мүмкін

0
548

Шаңырағын су шайып кеткен қарағандылықтарға миллиард теңге бөлінеді. Қаржы аймақты апаттан құтқару жұмыстарына және далада қалған жұрттың керек-жарағына жұмсалады. Топан су басқан тағы бірнеше облыстың да бюджеті қайта қаралмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Photo: Тасқыннан зардап шеккен Қарағанды облысына бөлінген ақша жетпей қалуы мүмкін

Ал Қарағанды облысыныдағы сел жүру қаупі әлі сейілген жоқ. Қазір Бұқар жырау ауданын өтіп жатқан қызыл су енді Нұра өзені бойындағы ауылдарға үлкен қауіп төндіріп тұр. Мұстафин ауылында кеше ғана бой түзеп тұрған үйлердің бірнешеуі құлап жатыр. Суы кеткен үйлерден жұрт керек жарағын алып шығып әуре сарсаң. Кейбірі белшеден келетін суда үйлеріне қайықпен кетіп барады.

“Судың қайдан келіп жатқанын білмейміз. Басып жатыр. Бір жарым метрге дейін түсті. Ауыл бойынша 20-дан аса үй құлады”, – дейді Мұстафин ауылының тұрғыны Ғазым Тұрсынов.

Қызыл су құрсауында қалған ауылдарды тікұшақ бақылап шыққан вице-премьер Бақытжан Сағынтаев пен Ішкі істер вице министрі Владимир Божко алдымен штаб жұмысымен танысты. Шешімін таппай тұрған мәселелерді жіті бақылауға алуды қатаң тапсырып келген шығын толығымен өтелетінін жеткізді.

Алайда ауылдағы құлаған үйлерді алғаш көрген үкімет басшысының орынбасары қарамағындағылардан мұндай ақпаратты естімеген болып шықты.

“Құлаған үйлерден айырмашылық бар. Саман үйлер су келгеннен кейін бір-екі сағатта құлап жатыр. Бізге келген ақпарат 15 сәуір күні таңертең алтыда келді. Қазір түс ауып кетті. Енді сол екі аралықта тағы өзгерістер болып жатуы мүмкін”, – дейді  премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Тасқын еді Нұра өзені бойындағы 10 ауылды су шайуы әбден ықтимал. Сондақтан әл бермеген тасқынмен алысуға мемлекет резервіндегі су жаңа 20 арнайы техника берілмекші.

Бөлінген 1 миллиард теңге шығынды өтеуге жетпейтінін шенеуніктердің өзі мойындап отыр. Себебі ауылдарда қираған үйлер өте көп. Белшеден су астында тұрғандары да жетерлік. Сондықтан су кетіп жер кепкеннен кейін жүретін есеп қисап, келген шығынның нақты көлемін анықтайтын болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз