Мэрилин Монроның не себептен көз жұмғаны қайтадан жұмбаққа айналды

0
402
4
Таяуда ғана World News Daily Report сайты оны АҚШ Барлау басқармасының экс-агенті Норман Ходжес өлтіргендігін мойындағанын жазып еді.
Бұл жаңалық жалпақ жұртты елең еткізіп, желіге кірушілердің назарын өзіне аудартқаны рас. Бірақ шетел тілшілері анықтағандай, сайттың Норман Ходжес деп жариялаған суреті мүлде басқа адам болып шығыпты. Анықтай келе, аурухана палатасынан түсірілген суреттегі адам 65 жастағы америкалық қылмыскер Майкл Тиррел екені белгілі болды. Ол кезінде есірткі саудасы үшін сотталған. Ал суреттің өзін сонау 2013 жылы британиялық Guardian жариялаған.
Жалпы өзін «Израильде орналасқан америкалық сионистік басылым» деп таныстырған бұл сайт осыған дейін де түрлі алып-қашпа жаңалықтар жариялап, аты шыққан екен, деп жазады rg.ru.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59559-merilin-monrony-ne-sebepten

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз