«Ештен кеш жақсы». АҚШ-та 103 жастағы әже орта мектеп бітірді.
Висконсин штатының тұрғыны Мари Хант енді колледжге түсуді жоспарлап отыр. 90 жыл бұрын ол 8 бауырына қамқорлық жасау үшін мектепті тастауға мәжбүр болған. Кейуана мектеп бітіру салтанатына басқа түлектерден қалыспай, талапқа сай киініп келіп, жиналған жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59557-bitirdi