Йемен астанасы Санадағы ауруханаларда дәрі-дәрмек пен электр генераторларды пайдалану үшін жанармай тапшы.
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Аймақта халықтың жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Жергілікті тұрғындар ауызсуға да зәру. Бұл факторлар түрлі аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін дейді мамандар. БҰҰ-ның мәліметінше, Йеменде қарулы қақтығыс басталғалы шамамен 600 адам қаза тауып, 2 мың 200 тұрғын жарақат алды. Ел астанасынан шамамен 100 мың адам өзге жерге көшірілді.
Абдуслям әл-Мадани, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
– Жағдайды одан сайын ушықтырмау үшін жергілікті тұрғындарға шұғыл көмектесу керек. Халықтың денсаулығына көңіл бөліп, ауруханаларды дәрі-дәрмекпен және электр қуатымен қамтамасыз етуіміз қажет. Олай болмаса түрлі аурулардың ушығып, көрші провинцияларға таралуы әбден мүмкін.
Источник: http://95.56.240.18/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59554-apshy