Елімізде ипотекалық несие қайта қаржыландырылады

0
338
1.1
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің директорлар кеңесі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мақұлдады.
Таяу күндері ипотекалық несие алып, қайтара алмағандардың мәселесін шешуге бағытталған 130 млрд теңге игеріле бастайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлімдеді. Ұлттық банк «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын 130 млрд теңге сомасына үстеме капиталдандырады. Ал ол өз кезегінде екінші деңгейлі банктерде жылдық 2,99%-дық сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге депозиттерді орналастырады. Екінші деңгейлі банктер бұл қаражатты жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға жұмсайды. Талап бойынша, 2004-2009 жылдар аралығында алынған ипотекалық несиелер қаралады. Қарыздар жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша валюталық қарыздарды теңгеге конвертациялау, қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту секілді тетіктер арқылы қайта қаржыландырылады.
Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
– Негізгі қарыз 36,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Долларға шақсақ, бұл – 200 мың доллар. Борышкердің 120 шаршы метрден аспайтын жалғыз баспанасы болуы шарт. Егер бұл көпбалалы немесе әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұя болса, баспана аумағына шектеу қойылмайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз