Ақтауда 19 жастағы Шұбарсу аулының сарбазы түсініксіз жағдайда көз жұмды деп хабарлады 7 арна.
Қаза болғанның тәтесі Назира Айнабекова
Жігіттің жақындары оны әскерде өлімші етіп сабаған деп санайды.
19 жастағы Жалғас Ақжігітов жанұядағы балалардың үлкені болды. Ұлының өлімін естіген анасы есінен танып қалды. Жарты жыл бұрын дін-аман жіберген жігітті табытта қайтарғанына жақындары есеңгіреп, сене алмай отыр.
“Басында ол Өскеменде борышын өтеді. Екі апта бұрын ғана Ақтауға ауыстырылған болатын! Ол күн сайын телефонға ақша салуын сұрап хабарласатын болды! Кейін одан 14 сәуірге дейін 25 мың теңге беруді талап еткен. Ақшаны Ақтаудағы туысқаннан сұрағанда, ол 14-іне дейін тауып бере алмады. Сол күні таңертең Жалғасты өлтіріп тастады!”, – дейді қаза болғанның тәтесі Назира Айнабекова.
Сарбаздың әпкесі Мақпал Ақжігітованың айтуынша, әскери бөлімдегілер бастапқыда “Жалғас жүрегі тоқтағаннан қайтыс болды” деп алдаған. Кейін әжетханада екі жігіт оны соққыға алғанын мойындаған.
Жақындары мәйітті тексерткенде оның ауыр жарақаттардан қаза болғанын анықтаған.
Жігіттің мәйітін алып келген әскери бөлімнің командир орынбасарын көргенде жақындары оған тап берді. Подполковник жігіттің өліміне түсініктеме беруден бас тартты.
Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сарбаздың әкесі Жалғас Ақжігітов Қарағандыдағы 2018 әскери бөлімнің әскери қызметкері өлімге қатысы бар деп қамауға алынғандығын айтты.
Дереккөз: NUR.KZ