Назарбаев пен Ердоған Түркістанда $10 млн-ға салынған мешітті ашты (фото)

0
736

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркістан қаласындағы жаңа мешітке барды.

Photo: Назарбаев пен Ердоған Түркістанда $10 млн-ға салынған мешітті ашты (фото)

Photo: Назарбаев пен Ердоған Түркістанда $10 млн-ға салынған мешітті ашты (фото)
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Бауырлас қос елдің басшылары мешіттің салынуы жайындағы келісімге 2000 жылы, Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау кезінде қол қойған.

Аумағы 2 гектар жерді құрайтын мешіттің құрылысын Түркия елі қаржыландырды. Мешіттің мұнараларының биіктігі 33, ал күмбезінің биіктігі 31 метрді құрайды.

Photo: Назарбаев пен Ердоған Түркістанда $10 млн-ға салынған мешітті ашты (фото)

Сондай-ақ, жаңа мешіт 2 қабатты және 600 шаршы метр жабық алаңы бар. Сыртында намаз оқитын орны, төменгі қабатта мәдениет орталығы, бірінші қабатта 2 дәрісханасы бар.

Құлшылық ордасы түгелдей Түрік елінің Дін істері министрлігінің қаржылай қолдауымен салынған. Құрылыс жұмыстары 2009-жылдың 16-қазан күні басталған болатын. Құрылыс жұмыстарына жалпы мөлшері 10 млн АҚШ доллары жұмсалған.

Мешітте бір уақытта 3 000-ға жуық адам құлшылық жасай алады. Мешіт қасында кітапхана және заманауи асхана залдары қарастырылған. Сондай-ақ, азаншылар мен имамдарға арналған бөлмелер бар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз