Жер бетіндегі әр адамның өзіне аумайтын кем дегенде тағы 7 адамның болатындығы туралы қағида бар. Британияның үш тұрғыны өзіңіздің тура көшірмеңіздей болып келетін адамды табуды көздейтін Twin Strangers интернет-жобасын қолға алды. Ним Джини мен оның достары Гарри Инглиш пен Теренс Манзанганың ойлап тапқан жүйесі қарапайым: олар адамдарға өздерінің суреттерін сайтқа жіберулерін өтінеді. Артынша олар бүкіл әлем бойынша сізге өте ұқсайтын адамды іздестіреді. Бір қызығы, ең бірінші болып, осы жобаның ұйымдастырушысы Ним Джини өзінің көшірмесі іспетті тағы бір бойжеткенді іздеп тауыпты. Ол алыстан емес, Ним тұратын жерден көлікпен 1 сағат жүріп жетуге болатын маңайдан табылыпты. Өзінен аумайтын адамды көрген Ним бастапқыда аузына ешбір сөз түспей, бойжеткенге қарай беріпті. Сонан соң ғана тілдесе бастаған қыздар уақыттарын бірге жақсы өткізді, деп жазады mirfactov.com.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/59640-bojzhetken-alamtor-ar-yly-zine-te